23.05.2022
  123


Автор: Ерлан Рымбек

Ассаламағалейкум жамағат...

Ассаламағалейкум жамағат,
Бердім сізге саламат.
Көрген мына өмірден,
Сыр шертейін шамалап.
Өткен-кеткен күніңді,
Берейінші саралап.
Тура жолдан адасып,
Кеттің неге қаралап?
Арақ ішіп мас болып,
Жүрсің жанды жаралап.
Кеттіме әлде біреулер,
Жүрегіңді табалап.
Қанша ғұмыр сүрсеңде,
Осы жырым аманат.
Дүниеге құнықпай,
Қылайықшы қанағат.
Құран кәрім жолдарын,
Жүрген дұрыс паналап.





Пікір жазу