23.05.2022
  167


Автор: Ерлан Рымбек

Алматым-Көк-Төбем

Алматым, Алатауым Көк-Төбем,
Өзіңді бар асылым деп келем.
Ақ парағым жайылған Медеу болса,
Ақ қаламым сырғанап төкті өлең.
Алматым неткен ғажап көрікті едің,
Көркіңе тоя алмай жыр өріп көрдім.
Поэзия болса ақынның азығы,
Тең жартысын бір өзіңе бөліп бердім.
Алматының әр апорты қымбат маған,
Ол жоқ жерде шөліркеп құрғап қалам.
Шабытқа шабыт қосып әнге басып,
Алатау бөктерінде жырлап қалам.
Алматым жанға жылу шырайлы,
Маған бақыт сыйлайтұғын сыңайлы.
Көңілімнің күйін шертсең болғаны,
Шабытым шалқып әркез тулайды.





Пікір жазу