Бірежнеев алаңын қызыл қанды мұз басты...
Бірежнеев алаңын қызыл қанды мұз басты,
Ұшып келді мың солдат,айдаһардай мың басты.
Қаһарына ұшырып ұлты қазақ жастарды,
Нашақор деп жаламен империя шуласты.
Сол алаңда қазақтың қаны судай ағылды,
Кінәсіздер мойнына жалған айып тағылды.
Қазақ елім,жерім де жан айқайын шығарған,
Жас қазақтар намыстың оты болып жағылды.
Кешір ана айтайын! Өзіңе бар мұңымды,
Көздерімнен моншақ боп қайғы жасым үзілді.
Базбіреудің жаласын тағып менің мойныма,
Жазықсыздан кіналап,тергеді ғой ұлыңды.
Келіп едім алаңға аяқ асты құрбыммен,
Арт жағымнан бір жігіт келіп мені бір ұрды.
Есімді сол жиғаным,ұрып-соғып айыптап
Байлап қойды буынсыз мына менің тілімді!.
Жан айқайын ести сап қазақ қанды жастардың,
Үрейім ұшып ой таппай,жаным менің сырылды.
Кінәлі мен емеспін,түсініңіз анашым,
Тергеушіде сенбеді айтып едім шынымды.
Теріс қарап кетеме туыстарым бүгінде,
Не боп барад бұл жалған, не боп барад күнім не?
Егер жалған айыпты тақпаса егер мойныма,
Отырар ем анашым жанды бағып үйімде.
Кетпеңіздер достарым мені бүгін табалап,
Түрме деген әр кімге суық хабар жаман ат.
Абайсызда жазықсыз кеткенімді қайтейін,
Енді отырмын кінәсіз темір торды паналап.
Кінәлі мен емеспін,кетемін бе соншалық,
Мен білмейтін бір жанның ауыр жүгін арқалап.
Әділ шешім болар деп,тәңіріме табынам,
Кінәлі мен емеспін тағы айтамын қайталап