23.05.2022
  165


Автор: Ерлан Рымбек

Мәңгі сөнбес қос шырақ

Қабден аға,Зайтуна апай ұлы тұлға,
Жаңа ауыл бөктерінде сыры тұрма?
Ұлағатты ұстаздардың әр еңбегін,
Болама екен бұл фәниде ұмытуға.
Сіздер тұрған,ескі үйдің жылы орынын,
Болмайды ғой ешқашанда суытуға.
Өнегелі артынан із қалдырған,
Жер бесікте шоқ болып гүлі тұрма?
Әр кітаптың бетінен орын алып,
Ақындардың жүрегінде жыры тұнған.
Әр күн сайын еске алып отырамыз,
Қақымыз жоқ сіздей жанды ұмытуға.
Суретіне қараймын ұлы ағаның,
Бейнесіне ұқсатып тірі адамның.
Аман-есен жүрме деп балаларым,
Естілгендей болады үні ағаның.
Қай әке қалаушы еді баласының,
Анасыз бұл өмірде жылағанын,
Адамдық парызыңды өтеуменен,
Жетімдерге беріп едің сұрағанын.
Еңбегіңіз еш кетпей,жатырсыз ба,
Жұмағынан орын алып бір Алланың?.
Суретіңе қарап сізбен тілдесемін,
Оңашада отырып жүздесемін.
Бір уақыт көңілімді сізге бөліп,
Менде үнсіз жырыммен күн кешемін.
Қанша көзден таса боп кетсеңдағы,
Жүрегім,жүрегіңмен бірге сенің.
Серік аға болмаса,Фарида апай,
Сіздей батыр ағаны білмес едім.
Артық емес халқыңның ар алдында,
Өскеменде атын берсе бір көшенің.
Он баланың тағдырына тамсанып,
Жатырма екен ана шіркін соншалық.
Қанша қысқа болсадағы ғұмыры,
Кетті әке барлығына жол салып.
Мейріміне бөлеп кетсе анасы,
Қалай ғана жыламайды баласы.
Он баланың он тағдырын көтерген,
Қандай ана, қандай әке жан асыл.
Кремлге қазақ елін танытқан,
Біз үшін Зайтуна апай дарасың.
Еңбегіңді елге ерлеп жеткізген,
Біз үшін Қабден аға данасың.
Кемесімен кетсеңдағы келместің,
«Жаңа ауылда»-жүр екен деп қаласың.
Тасға жазып тарихыңды жырменен,
Жасқа малдым көзімнің ақ-қарасын.
Арайланып таң самалын сапырып,
Жүрегіме үнсіз келіп қонасың.
Мен отырмын ақ сағымға айналып,
Сипап қалып жер мен көктің арасын.
Қысқа болған ғұмырыңа тарыла,
Мен отырмын ой сапырып тағы да.
Бір Алладан ниет етіп сұрадым,
Айналғандай он баланың бағына.
Дұға қылып ұйықтамастан әр күні,
Жырға қосып отырамын табына.
Сіздерменен ұзақ уақыт тілдесіп,
Білмей өттім күн мен түнді,таңды да.
«Мәңгі сөнбес қос шырақ» деп ат қойдым,
Жырларымды жайып тастап алдыма.
Алауланып әр кез жанып тұрсың деп,
Суреттерің жүрегімде қалдыма.





Пікір жазу