Мен жайында әр бір пасық масылдар...
Мен жайында әр бір пасық масылдар,
Жаман айтса одан әрмен қашыңдар.
Сенбегейсің жырды сүйер жас қауым,
Тілейтінім сендер көл боп тасыңдар.
Жарып өтсем аспанның жеті қабатын,
Кезім болар қайта ұшып қонатын
Сөніп кетсем денем күл боп бір күні,
Кезім келер қайтып менің жанатын.
Жаман айтса онда менің өшкенім,
Жақтырмасаң көңілімнен көш менің.
Өз тағдырым өзіме жетіп жатыр,
Ал басқаның өмір жолын кешпедім.
Күнәм қайнап тасып жатса қазаннан,
Намазыма жығыламын азаннан.
Сол күнәмді топырақпен шаярмын,
Бірақ күйген жарамды мен жаза алман
Күнәм болса, қайтіп енді ақталдым,
Тәңіріме сырымды айтып ақтардым.
Бұл фәниде күна артқан күндерім,
Айналса екен мамығына ақ қардың
Өлең болып өзегімнен ақты арман,
Ғазиз басым күтіп жүр ғой бақты алдан.
Санамнан ұмытылып бара жатыр,
Жүректегі әр жырларым жатталған.
Күнәм болса қайтіп одан құтылам,
Мен үшін ол көрінбейтін бір тұман.
Көрінбей ішті қинап құртша жеп,
Қарайды мазақ етіп сыртымнан
Күнәм болса ала беред мазамды,
Мазамды алса шақырамын азанды.
Әр істі Піссімілла деп бастап
Имандылық мәселені жазамды.