23.05.2022
118
18-шілдеде 2016 болған лаңкестік топ жасағандарға арналады
Кім білген он сегізі жан аларын,
Қалады деп әкесіз балаларын.
Қанша жанды атқанменен қаскөйлектер,
Көз жасына қалары анық аналардың.
Мына жалған вахабизм улады ғой,
Сауатсыз жастарымның саналарын.
Осал заман қайда әкеліп соқтырда,
Осылайша әр тағдырды сараладым.
Ұясынан шықпай жатып күннің көзі,
Шілденің он сегізі хабар алдым.
Басымда сол-ақ еді көтергенім,
Жүрегімді бір-ақ сәтте жараладым.
Қайда қарап отыр екен түсінбеймін,
Биліктегі сенім артқан ағаларым.
Қазақта бұндай жағдай болмап еді,
Енді міне ұмытқандай адам арын.
Бұл не сұмдық жүректегі мұң арылмай,
Өз қазағым өзіңді табаладың.
Қанға бояп кеткен сол бір жауыздарды,
Қоғамдағы адам деп санамадым