Шығыстың даналарына
Өскемен-Семей Шығысым,
Сенсің ғой менің ырысым.
Сен жайлы сыр шертпесем,
Болмас мына жүрісім.
Өлең жазып отырмын,
Біткендей боп бір ісім.
Жақсының атын жазбасам,
Жаралғанмын кім үшін.
Жырдан анам жасаған,
Жаныма еккен гүлісің.
Абай менен Шәкәрім,
Әр ақынның жырысың.
Әміре мен Жәнібек,
Көңілімнің күйісің.
Бейбүгіл апай ақ таңдай,
Бұлбұлдардың үнісің.
Төлеужан аға Смайлов,
Жаралғансың жыр үшін.
Қабден аға Ақынов,
Сіз қазақтың ұлысың.
Қанша ұйықтап тұрсамда,
Мен үшін әр кез тірісің.
Ел деп соққан жүрегі,
Даналардың бірісің.
Сізді іздеп аңсап жүр,
Тарбағатай Шығысым.
Сіздерді айтпай күн кешсем.
Тарылардай тынысым.
Жыр мен шашу шашпасам,
Бүйткен күнім құрысын.
Көзімді ілсем болғаны,
Жұлдызды түн күмісім,
Көзімді ашсам болғаны ,
Бар халықтың күнісің.
Еңбектерін паш етер,
Туар мекен күні шын.
Тарихта қалсын аттары,
Өзгеде жоқ жұмысым.
Бір Алланың алдында,
Жаралғанбыз сын үшін.