23.05.2022
  257


Автор: Ерлан Рымбек

Асыл жарым Ғалияға

Ғалия!
Сезім деген тұла бойға дес бермейді.
Бірақ бізге оның үні естілмейді.
Жүзге келіп қол ұстасып қартайсақта,
Саған деген махаббатым ескірмейді.
Ғалия!
Саған деген сезім оты сөнбейді,
Сенсіз менің жан сарайым шөлдейді.
Қияметке кетсемдағы жүзге кеп ,
Саған деген махаббатым өлмейді.
Ғалия!
Жүрегімнің бағындағы гүлсің бе,
Жанымды жадыратар күнсің бе?
Жұбымыз жазылмасын деп бүгін,
Бір Алладан сұрап әлде жүрсің бе?





Пікір жазу