23.05.2022
148
Жан-жарым Ғалияға
Жанымды жадыратар жан-жарым,
Сенсің менің аппақ құсым жан бағым.
Өзіңменен бірге батып кештерім,
Өзіңменен бірге атты таңдарым.
Жүрегімнің төріндесің мәңгілік,
Сенен көрдім еркелі наз сын қылық.
Еркелеші, еркелей түс шырқайын,
Сенің әр бір қылығыңды ән қылып.
Ғалиямсың,дәриямсың тасыған,
Бойымды бір жазатұғын асыл ән.
Отты сезім былай тұрсын,жүректің,
Дүрсілін сенен қалай жасырам.
Біз алдық қой мына жұмбақ уақыттың,
Астында жатқан кілтін бақыттың.
Бір минутта көре алмасам мен сені,
Сол минутта шабытымды шақырттым.