Аманбысың ел-жұртым!
Амансың ба елім,жерім,қайран жұртым,
Мен келдім өзіңді іздеп қайда күлкің.
Шаттығыңа бір бөленіп кетем деп ем,
Келгенімде сағынып жайлап бір күн.
Жоқ болмады!
Аңсап күткен қалағаным,
Келіп еді ауылды бір аралағым.
Ниетің солай болса амал нешік,
Қалайша сендерге мін таға аламын.
Жүрегімді жылытар адам барма,
Қиналып кетті бүгін балаң зорға.
Не деп барам достарыма қаладағы,
Жайымды сұрап келген адамдарға.
Қайран бала,қайран жастық шақтарымай,
Қалай ғана бой жазам ақтарылмай.
Ауылым ессіз дала боп қалғандай,
Қонатын жер таба алмай жатқанымай.
Шарап құмар дейтіндей,жан емеспін,
Жатып ішер тойымсыз мал емеспін.
Жарқын жылы жүзіңмен бір қарасаң,
Езіліп еріп кетер қар емеспін.
Сағынамын құшағыңды қайран жұртым,
Қайда-қайда мен аңсаған қайда күлкің.
Келем әлі,келем талай күтіңдерші,
Сағыныштан сарғайып жайлап бір күн.
Ақ батасын беретұғын қарттарымай,
Қайдасыңдар сендерді іздеп жатқанымай.
Біріңе де топырақ сала алмадым,
Әр дұғамды қабыл алып сақта құдай.