23.05.2022
  186


Автор: Ерлан Рымбек

«Тәуелсіздік –тұғырым менің!»

Келді бүгін алты алашым сағынған күн,
Ақ түйенің қарны жарылған күн.
Бабаларым көкке бөркін лақтырып,
Жан шырағы қайта туып жағылған күн.
Келді бүгін тәңіріме табынған күн,
Үш жүз жыл бодандықтан арылған күн.
Келді күнім,қызыл тумен қоштасып,
Көк туды желбіретіп ағылған күн.
Кетті бүгін санамыздан қағынған күн,
Империя заңына бағынған күн.
Алты алаштың аманатын көкке бояп,
Сары алтынмен қапталды жаным жарқын.
Жоқ бүгін өзге тілге жағынған күн,
Тілімізден айырылып сабылған күн.
Ана тілім тебірентіп тұла бойды,
Жылытып өзегімде жалындадың.
Азаттыққа бой ұрып қанымда арым,
Өз заңымыз өзімізде қабылдандың,
Бар әлемге паш етіп қуандық қой,
Есіктен алтын адам табылғанын.
Өтті бастан қара түнек жамылған күн,
Келді бүгін полигон жабылған күн.
Келді жырым тербетіп әнұранмен,
Елтаңбамды тұмарғып тағынған күн.
Аштық бүгін қараңғылық түндігін,
Тәуелсіздік ең қастерлі күн бүгін.
Еліміздің керегесі кең болып,
Сақтайықшы халқымыздың бірлігін.





Пікір жазу