23.05.2022
  135


Автор: Ерлан Рымбек

Уа,қазағым аманбысың қарттарым...

Уа,қазағым аманбысың қарттарым,
Бұның қалай бойыма жүк артқаның.
Тағы отырмын ұйықтай алмай бір сәтке,
Жайларыңды ойлап бүгін жатпадым.
Уа,қазағым аманбысың жастарым,
Білмей тұрмын сөзді неден бастарын.
Артық кетсем ашынғаным түсінші,
Әр айтылған сөздерімнің астарын,
Ашылмады-ау көңілде көк аспаным,
Өтіп жатыр өмір-дәурен қас кағым
Қазақ елім,қайран жұртым не сұмдық,
Өзге елдің тілін сүйіп жатқаның.
Мен біреудің ала жібін баспадым,
Тіл,дініне тиіспедім басқаның.
Әр сөзімді камилаға келтіріп,
Бір Аллаға амал жасай бастадым





Пікір жазу