23.05.2022
  125


Автор: Ерлан Рымбек

Әйел заты 2

Әйел затын біздер қалай бағалаймыз,
Қатты-қатты сөйлесе табылаймыз.
Езуінен күлкі көрсек болғаны,
Күн сәулесін көргендей жағалаймыз.
Әйел заты әлемнің бой тұмары,
Бой тұмардан жыр болып ой туады.
Дүниеге қыз келсе ел-жұртына,
Ата-анасы қуанып той қылады.
Әйел затын солмайтын жердегі жыр гүл дейміз,
Әйел затын сөнбейтін көктегі нұр күн дейміз.
Сол гүлдердің қадірін кейде біздер түсінбей,
Түп тамырын еркектер, еркектер-ау білмейміз.
Әйел заты ұлтымыздың қаймағы,
Әлия мен Мәншүктер ол айғағы
Сәбира мен Ләззаттардың арқасы,
Көтерілген еліміздің байрағы.
Әйел заты қыздың қырық шырағы,
Әр ақынның жазып өтер жыр-әні.
Сол шырақтың бір шоғын сөндірсе егер байқамай,
Оған мына біз еркектер кінәлі
Әйел заты отбасының бақыты,
Әр асылдың сынығы мен жақұты.
Таусылмасын мейірімі ешқашан,
Аналардың уызындай сарқыты.
Әйел заты арайлап атқан ақ таңым,
Ақ таңымда қонамын әр кез баққа мың.
Шуағына шомылып кеткенменен,
Жүрегімде осы жырды сақтадым,
Әйел заты әр баланың жүрегі,
Жүрегінде талай сәби түнеді.
Айта берем, айта берем қайталап,
Әйел затын мақтанышпен үнемі.





Пікір жазу