23.05.2022
  141


Автор: Ерлан Рымбек

Анашым

Амансыз ба?
Жанымнан артық анашым
Мен үшін ана, бұл өмірде дарасың
Төрт балаңды бақытты күнге жеткіз деп
Алладан сұрап қартайып өзің барасың
Амансыз ба?
Бар әлемнің тұтқасы
Сағыныштан бойда жатыр жыр тасып
Ақ сүтімен күні-түні нәр берген
Аналарды барлық сәби ұлықтасын
Амансыз ба?
Әр даланың шоқ гүлі
Сенің арқақ бүгінгі осы тоқ күнім
Бір күн егер сқйлеспесем сенімен
Сезіледі асыл анам жоқтығың
Қайырмасы
Анашым асыл үн
Жүз жаса асылым
Бес күндік жалғанда
Сабындай қамшының
Сен көрші қиналмай
Жарығын ғасырдың





Пікір жазу