23.05.2022
  163


Автор: Ерлан Рымбек

Он жыл бойы оқыған сыныптастарыма

Достық деген алтыннан да құнды ғой
Сол достықтың жыр бұлағы тұнды ғой
Алматыдан Семейге келгенімде
Достарым көңілімді бұрды ғой
Тағат таппай сағыныштан жүрегім
Сағаттың тілене ұқсап бұрды ғой
Достық деген сөздің өзі шіркін-ай
Кейде қуаныш, кейде мұңды ғой
Қуаныш деген сөзді айтайын
Жүрсінші сыныптастар марқайып
Достықтың ауылында бәріміз
Кетпесек болғаны ғой қартайып
Ал мұңымды жеткізейін сезіммен
Көңіл босап жас тамғанша көзімнен
Сағыныштан сарғайып достарымды
Іздеп келдім сабыр сақтап төзіммен
Солардың амандығын күнде ойлап
Жаңылып қалдым кейде сөзімнен
Жаныма жақын осы достарды
Артық көрем, керек десең өзімнен





Пікір жазу