Достарыма
Сәлем бердім баршаңызға достарым,
Өтпесін деп өздеріңсіз босқа күн.
Қанша ғұмыр сүрсемдағы сендерсіз,
Мына менің ішкі әлемім бос жаным.
Мен айтайын дос сөзінің астарын,
Қосып бүгін құрбылардың бастарын.
Төрт-ақ ай оқысамда сендермен,
Дос құнын ешқашанда сатпадым.
Бәріңді ойлап жүргенімде сағынып,
Өтіп кетті отыз жылда қас-қағым.
Сендерге деген адал сезімді
Сары майдай жүрегімде сақтадым.
Бірің мені өгейсініп жүрсеңде,
Сендер үшін езіледі жас жаным.
Қанша ғұмыр берседағы тәңірім,
Адал достың тілеуінен қашпадым.
Таразыға салатында өздерің,
Керек емес амал достар басқаның.
Бұл ғаламда естімедім жүрек тербер,
Мен үшін дос сөзінен асқақ үн.
Ұмытпайық бүйректе емес жайылған,
Әр достыңда жүрегінде тас барын.
Қанша жыл оқысамда сендермен,
Жаздым достық дастанын
Іздеп жүріп тауып алып сендерді,
Ақ парақтан қайта өмірді бастадым.
Қазіргі суреттерге қарасам,
Ағарып кетіпті ғой шаштарың.
Байқамай қалыппыз-ау құрдастар
Беттегі әжімніңде қатпарын...
Білмедік пе әлде біздер өмірде
Кәрілік деген, дақ барын.
Өмірдің заңы ма екен әлде бұл,
Ұмыттық кейбір достың аттарын.
Қайтып бір келер ме екен айналып,
Балалық деген алтын шақтарым
Қанша жыл өтседағы білінбей,
Мен уақытқа ешбір кінә тақпадым
Маңыздысы сендер аман жүрсіңдер
Құрметті сыныптастар бақтырым
Ал мен болсам достың жүгін арқалап
Көтерседе бұндай досты таппадым
Өкпелетіп алсам егер біреуін
Мені емес соларды Аллам сақтағын
Мына бес күн жалғанда берекелі
Достықты бағалайық достарым