Сейт бажаға
О,бажа мейірімің бар тасыған,
Сенен қалай жан сырымды жасырам.
Ақылыма-ақыл жетпей тұрғанда,
Бір өзіңсің табылатын қасымнан.
О,бажа жүрегің бар асылды,
Ғұмырың жасай берсін ғасырды.
Бір өзіңсің жігерлетіп бойымды,
Өрге қарай домалатар тасымды.
О,бажа Айнұрың бар бақытты,
Бөлісетін бір өзіңмен уақытты.
Жезде деп шыққан кезде алдымнан,
Көрем оның көзінен күн шаттықты.
О,бажа неге кеттім асығып,
Жүруші едім тамсанып жеп шашылық.
Өз қолыңмен жасап маған бересің,
Айнұр менен Ғалиядан жасырып.
Сейіт бажа үстем болсын мерейің,
Көңілімді саған әр кез бөлейін.
Шырайлы Шымкентіңе барғанда,
Алғысымды алдыңа әкеп төгейін.
О,бажа толсын үйің сәбиге,
Бала болса шаттанасың әрине.
Өздеріңе берсе егер нәресте,
Кірер еді күлкісімен сәні үйге.
Бір Алладан дұға тілеп жүрмін мен,
Болса екекн деп он баладан әр үйде.