23.05.2022
123
Құс жолы
Құс жолында жатыр жырым тізбектеліп,
Тізбектеліп рет-ретімен күнді өткеріп.
Оралымның барында қолыма алып,
Ұшырайын өшпес мәңгі жыр кептерін.
Жүректен ұшты пыр-пырлап,
Асау сезім шабытым.
Тәтті ұйқымды түнде ұрлап,
Жоғалды үнсіз бақытым.
Жүректен ұшты нота боп,
Көкке самғап әндерім.
Жалындаған отта боп,
Қарсы алмадым таң лебін.
Жүрегім тоқтап әп-сәтте,
Таусылғандай бар демім.
Кеудемнен ұшты пәк сезім,
Сағыныш кернеп бойымды.
Өленге толы от көзім,
Өшті кетті жойылды.
Ауылында өлеңнің,
Қой бақпадым ой бақтым.
Жолында мен өнердің,
Бір кешімді қоймаппын.
Жүректен ұшты пыр-пырлап,
Жаралы құстай шабытым,
Алмаппын ғой бір тыңдап,
Қошеметін халықтың.
Қызығын көрмей өтем бе,
Жалғанда мынау жарықтың