Үлкен Мама бір жыл болды дидарыңа шөлдедік...
Үлкен Мама бір жыл болды дидарыңа шөлдедік,
Жанға жылу беретін мейіріміңді көрмедік.,
Сағындық қой әкелген сарқытыңды қонақтан.
Немеренің барлығына беруші едің тең бөліп.
Үлкен Мама қызыл шатыр үлкен үйді сағындық,
Онда өткен балғын күннен қалай ғана арылдық.
Атам барда,өзің барда күн шуағы шашылып.
Өздеріңмен жарысып шығушы еді таң күліп.
Кешкі салқын самалмен бұзау іздеп қой айдап,
Жүрген күндер мен үшін ұмытылмас мәңгілік.
Қызыл шатыр,көк қорған,мен үшін ол киелі,
Есіме алсам ол үйді ішім жылап күйеді.
Сағыныштан сарғайып жататұғын жырыммен,
Несібесі молымен төгілетін үй еді.
Өзің жайған ақ құрттың дәмі аузыма келгенде,
Сол бір өткен балғын шақ артымнан кеп күледі.
Міне енді қазіргі қарап тұрсам күйіңе,
Жүрегімді,жанымды ойсыратып тіледі.
Маңайыңды қоршаған мәуелеген көктерек,
Іздегендей болады өздеріңді еркелеп.
Жетімсіреп солғанын қайтейін мен ағаштың.
Оның жаны жырақта қалды құлап өкпелеп.
Тай құлындар тебісіп жүруші еді,есімде,
Анасының сүтіне тойып алып кешінде.
Шелек алып апатай шыққан кезде білуші ек,
Бес биені тұсап қойып сауатынын бесінде.
Оннан кейін сапырып жатушы едім қымызды.
Ұйықтаушы едім алыстатып жақын тұрған жұлдызды,
Бар айтқаны,апамның шипа болсын дегені,
Сол қымыздың күштілігі шабытымды туғызды.