23.05.2022
  130


Автор: Ерлан Рымбек

Бар ғұмырым Алла жазған бұйрықта...

Бар ғұмырым Алла жазған бұйрықта,
Бар тағдырым пенделікте,құлдықта.
Өз жайымды түсіндіріп өтейін,
Бұл сырымды мейлі ұғарсың,мейлі ұқпа?
Бір өмірден,бір өмірге көшсемде,
Қанша жылдың тарауларын кешсемде.
Бір Аллаға тек құлшылық етемін,
Ел алдында жанбай жатып өшсемде.
Қанша ғұмыр берсе лайым жасаймын,
Қалайша Алла бұйрығынан асайын.
Сол Алланың ақ жолынан адаспай,
Аяғымды асықпай анық басайын.
Не жасадым мына жалған бес күнде,
Бес күнімде ел тағдырын шештім бе?
Құрғақ сөзбен уәде беріп біреудің,
Ала жібін аттап жолын кестім бе?
Қателесіп өкпелетсем біріңді,
Буынсыз тілім міне кес мүлде.
Жағымпаздар ауылынан көштімде.





Пікір жазу