23.05.2022
  152


Автор: Ерлан Рымбек

Бір көзімнен жас тамса,бір көзімнен қан ақты...

Бір көзімнен жас тамса,бір көзімнен қан ақты,
Мына тағдыр неліктен қайғы тұзын жалатты.
Аласапыран болса егер қысқа жұмбақ ғұмырым,
Мені неге тәңірім түсінбеймін жаратты.
Мені қатты қинайтын,қазағымның тағдыры,
Үзілген бе бауырлар ұлтымыздың тамыры.
Ана тілді әрдайым құрмет тұту керек деп,
Өзге тілде сөйлейді парламентте барлығы.
Биліктегі ағалар сөйлесе егер жат тілде,
Шыққанынан не пайда елбасының жарлығы.
Ақсақалдар қайда екен,жанға қуат беретін,
Ұлтымызды дәріптеп,аңызбен жыр өретін.
Қайдасыңдар даналар,Міржақыптай ағалар,
Басшы барма,бұл жайға көңілін бір бөлетін.
Жүреміз бе осылай өзге тілге құл болып,
Осыларды ойласам сөгілердей көк етім.
Өзге тілде сөйлесе,сөйлей берсін басқалар,
Өз тілімде тайынбай арыз жазып кетермін.
Асқақтатып елімді қазақ деген рухымды,
Көк байрақтай жүректе желбіретіп өтермін





Пікір жазу