23.05.2022
121
Жоқ менің еш бір жанмен таласым...
Жоқ менің еш бір жанмен таласым,
Тағдырымыз жер мен көктей арасы.
Жан сырыңды толықтай білмесемде,
Күннен-күнге ыстық тартып барасың.
Жоқ қой менің жүрегіңмен таласым,
Бақыттымын сендей ару табылғанға жан асыл.
Өзің болып жүрегімнің тамырын,
Ғашық сезім әні болып жарасың.
Жоқ қой менің тағдырыңмен таласым,
Ғалия мен үшін тек дарасың.
Күні-түні тағат таппай ойлағаным,
Қатты ғашық болғаным ғой шамасы.
Жаным менің жарығым,
Ішім толған зарлы мұң.
Саған таңып тастады-ау,
Қорғасындай тағдырым.