23.05.2022
124
Есіңдеме алғашқы хат жазғаның...
Есіңдеме алғашқы хат жазғаның,
Сүйемін деп жан сырыңды ақтарғаның.
Махаббатты таяз ойлап жылап тұрып,,
Жанып тұрған бойыңдағы бақты алдадың.
Есіңдеме алғашқы сүйген ерін,
Ерініңнен өртеніп күйген едім.
Өзегіме өрт салып кеткеніңмен,
Қалды елес боп өзіңмен билегенім.
Есіңдеме түнгі ұйқымды ұрлағаның,
Сенсіз өмір мәнсіз деп жылағаның.
Жазықсыз алып ұшқан жүрегімді,
Бұның қалай жаным-ау улағаның.