Бір өзіңсіз таусылардай жарығым...
Бір өзіңсіз таусылардай жарығым,
Бір өзіңсіз өмірімнің бәрі мұң.
Сен арқылы махаббатқа бөленіп,
Сен арқылы мен өзімді таныдым
Бұл өмір енді сенсіз,қараң маған,
Сен арқылы өршіген жарамды алам.
Бір ауыз сөз айтам саған құлақ сал,
Бар адамдар сен үшін жаралмаған.
Бұл өмір енді сенсіз,түңілген күн,
Түңілген күн бақыттан сүрінген күн.
Бір ауыз сөз айтам саған құлақ сал,
Бір сен үшін еңбегін сіңірген кім?
Бұл өмір енді сенсіз тозақ маған,
Тозақтан қорықпаймын тозақталған.
Өзіңмен сырласқан күндеріміз,
Көп болсада айтайын,-азақ маған.
Бұл өмір енді сенсіз қоңыр күздей,
Аруды қайдан табам өзіңіздей.
Сен келіп құшағыма жығылғанда
Тұрар ма еді жүрегім соғып үзбей.
Қайырмасы:
Сенсіз өткен күндерді түсінбеймін,
Өзің барда еңсемді түсірмеймін.
Махаббат әлеміне кіріп алып,
Бақытына шомылып жүрсін деймін.
Алып қойдың астына алып жатса,
Кездестірген бақытың үшін деймін.