23.05.2022
  136


Автор: Ерлан Рымбек

Сырттай дінге бағынып...

Сырттай дінге бағынып,
Іштей күнә жасаймыз.
Аллаға күнде табынып,
Жамандыққа басамыз.
Іштей дінге сенеміз,
Сеніп дінмен ойнаймыз.
Болғандай нәпсі төреміз,
Жеңіл желпі ойлаймыз.
Бір қуаныш болса егер,
Ашты сумен тойлаймыз.
Сырттай дінге қараймыз,
Іштей бірақ соқырмыз.
Имандылық жолын біз,
Түсіне алмай отырмыз.
Тыңда балам айтайын,
Үйрен намаз,сүрені.
Кетсеңде ертең қартайып,
Жүректе иман жүреді.
Жүректе жатса иманың,
Сен Алланың елшісі,
Адал терген жиғаның,
Ол Алланың еншісі.
Жаралған соң пенде боп,
Болады ғой кем тұсы.





Пікір жазу