23.05.2022
  123


Автор: Ерлан Рымбек

Екеуіңе тілейтінім мың бақыт...

Екеуіңе тілейтінім мың бақыт,
Бақытыңды қадірлесін бұл уақыт
Махаббат аясынан адасып,
Бақтарыңды алмаңдаршы ұрлатып.
Бір-біріңе кешіріммен қараңдар,
Сеніп артып адал жарға балаңдар.
Сапарларың сәттілікке жазсын деп,
Ата-енең,әкең-анаң алаңдар.
Бақытыңды бағаласаң,жүрегіңнен табасың,
Осы отырған әлеумет,сыңға салып қарасын.
Жақсылықты асырсаң болмас дедім,
Екеуіңде мәңгі жүрек жарасы.
Достар келсе аш көңілдің сарайын,
Мейрімдерің жылытсын жүректерін талайдың,
Қадірлеңдер біріңді ашу келсе үйіңе,
Сабыр түбі сары алтын,
болғанын мен қалаймын





Пікір жазу