23.05.2022
  101


Автор: Ерлан Рымбек

Сенен артық түсінетін жан барма...

Сенен артық түсінетін жан барма,
Іште сырым жыр боп от боп жанғанда,
Мен жайында жаман айтса біреулер,
Іріп шыққан жел сөзіне алдан ба.
Мен жайында әр бір пасық масылдар,
Жаман айтса одан әрмен қашыңдар.
Сенбегейсің жырды сүйер жас қауым,
Тілейтінім сендер көл боп тасыңдар.
Жарып өтсем аспанның жеті қабатын,
Кезім болар қайта ұшып қонатын
Сөніп кетсем денем күл боп бір күні,
Кезім келер қайтып менің жанатын.
Жаман айтса онда менің өшкенім,
Жақтырмасаң көңіліннен көшкен!м.
Өз тағдырым өзіме жетіп жатыр,
Ал басқаның өмір жолын кешпедім.
Күнәм қайнап тасып жатса қазаннан,
Намазыма жығыламын азаннан.
Сол күнәмді топырақпен шаярмын,
Бірақ күйген жарамды мен жаза алман
Қатем болса,қайтіп енді ақталдым,
Келеді тәңіріме сыр ақтарғым.
Бұл фәниде күна артқан күндерім,
Айналса екен мамығына ақ қардың
Өлең болып өзегімнен ақты арман,
Ғазиз басым күтіп жүр ғой бақты алдан.
Санамнан ұмытылып бара жатыр,
Жүректегі әр жырларым жатталған.
Күнәм болса қайтіп одан құтылам,
Мен үшін ол көрінбейтін бір тұман.
Көрінбей ішті қинап құртша жеп,
Қарайды мазақ етіп сыртымнан





Пікір жазу