23.05.2022
175
Қыздар-ай
Өзегімді тіліп өткен қыздарай,
Сендерге арнап жыр жазбаймыз біз қалай?
Тағдырымның тармағына айналып,
Жүрегімнің тас қамалын бұзған-ай.
Гүлдей нәзік хош иісті қыздарай,
Сендерге арнап жыр жазбаймыз біз қалай?
Сағыныштың ақ қарына айналған,
Күміс кеуде тербетілген шыңдарай.
Тар кеудемді жарып ұшқан қыздарай
Сендерге арнап жыр жазбаймыз біз қалай?
Махаббаттың әлеміне айналған,
Қайтып келмес жастық дәурен жылдар-ай.
Қайырмасы:
Қыздар,қыздар,қыздар-ай,
Түнгі ұйқымды ұрлады-ай.
Сол ұрлаған қыздарға,
Жыр жазбаймыз біз қалай?
Қыздар,қыздар,қыздар-ай,
Ғашық сезім силады-ай.
Сол силаған қыздарға,
Жыр жазбаймыз біз қалай?