23.05.2022
229
![](/uploads/shorttexts/author_image/kisspng-writer-author-writing-book-computer-icons-feathers-5acdbedaa20077-5457599715234331786636[1].png)
Шаршамадым өмірден,махаббаттан шаршадым...
Шаршамадым өмірден,махаббаттан шаршадым,
Көздерімді қанталатып азаптады қанша мұң.
Бір өзіңнен үмітімді үзсемде,
Керегі жоқ,керегі жоқ,басқаның
Жалықпадым тағдырдан,махаббаттан жалықтым,
Сен жоқ жерде сүйіктім,тынысымнан тарықтым.
Сен бар жерде өміріме тамсанып.
Қалықтадым қанатында шабыттың.
Күз боп келдің,күз боп кеттің аяулым,
Керегі жоқ мүсіркеп мені аяудың.
Сағыныштан жынданып кетер ме екем,
Жұрт ұйқыда,ал мен болсам ояумын