Сатқындық
Тартып келем қияметтің мың арбасын,
Күнде қайғы, мұң шертіп сынар басым.
Білемін-ау тоты құстай мені қинап,
Қасіреттің торынан шығармасын.
Тартып келем қасіреттің жүк арбасын,
Айтыңдаршы, ажалға кім тігер басын?
Сарғайған жапырақтай мен отырмын
Жыртқандай “ұлы” ақын шығармасын.
Тартып келем өкініштің жүк арбасын,
Мені аяп ешбір жан жыламасын.
Егер де өмірім жайлы білетіндер
Мені қинап халімді сұрамасын.
Тартып келем бақсыздардың жүк арбасын,
Қайтермін тағдыр солай сынағасын.
Өмірім лақтырған асық болса,
Бағым тек бүк түсіп құламасын.
Біреу мені кінәлап жамандаса,
Оңай тие қоймайды маған да аса.
Пейілімді басқамен таластырман,
Көнемін де, төземін, амал қанша!
Жүрегімді билесе де тұрақтылық,
Бойымнан кеткендей бір қуаттылық.
Көңілімді бір сәтке бөлмеппін-ау
Тағдырдың жазуына құлақ түріп!
Ақ қанатты періштемдей еркелеттім,
Сол күндерім жоқ болып текке кетті.
Сүйемін деп сүйіп жүріп, бір-ақ күнде
Басқа жанға жар болып өкпелеттің.