23.05.2022
  169


Автор: Ерлан Рымбек

Адам боп келдім,адам боп өту парызым

Адам боп келдім,адам боп өту міндетім,
Адамдыққа лайық болсын кімде-кім.
Өзге ұлттың,дінімен,діліменен,тіліне,
Тәуелді боп қазағым,тізе бүгіп жүрмесін.
Сен ауылдың баласы,екеніңді жасырып,
Өзге тілмен жусаңда тазармайды кір бетің.
Қайран қазақ,нар қазақ,ана тілде сөйлеп біз,
Ең бастысы сақтайық ұлтымыздың мүддесін.
Сығандарша қаңғып жүр,өз жеріне сия алмай,
Ана тілім бүгінгі қалғаныма тірі жетім.
Адам боп келдім,адам боп өту әр ісім,
Күресемін әрқашан ана тілдің ары үшін.
Ұлтын сатқан ақындар жүрсе егер жанымда,
Ең бастысы осы ғой мені өлтірген намысым.
Рухты қолдап анамның ақ сүтінен нәр алып,
Арпалысам елімнің азаттығы бағы үшін.
Жанымды мен қиямын лағнет боп кетсемде,
Дінімменен,тілімнің мәңгі өлмес қамы үшін.
Көз жіберіп тарихқа,жігерленіп мен бүгін,
Күресемін қалың ел,қазағымның қаны үшін.
Көкке қарап қол жайып тәңірімнен сұраймын,
Дұға қылып,жерімнің сынбай өтер сағы үшін.
Адам боп келдім,адам боп өту парызым,
Қалмасын дақ боп,артымда қалған әр ізім.
Отан ұлттың бесігі жанға қуат беретін,
Рухым,арым,намысым күнделікті азығым.
Ана тілдің тағдырын айта алмасам билікке,
Сол болсыншы қазағым кешірілмес қарызым.
Махамбет пен,Абайдай даналарға дұға қып,
Басымызды күнде иіп көрсетейік тағзым.





Пікір жазу