23.05.2022
  162


Автор: Ерлан Рымбек

Отан

Отан деген мен үшін,ақ сүті ғой анамның,
Отан деген мен үшін,жұпар исі даламның.
Оң қолымды жүрекке қойып тұрып ант еткен,
Қазақстан әнімен,ұранынан жаралдым.
Отан деген мен үшін,Абылайдың аруағы,
Орындалды алты алаш,аңсап күткен арманы.
Отан деген мен үшін,атамекен жерінде,
Ел-жұртым деп күн кешкен тағдырымның тармағы.
Отан деген мен үшін,сәбилердің күлкісі,
Отан деген халқымның,тыныш түңгі ұйқысы.
Отан деген мен үшін самғап ұшқан жыр болып,
Көгімде әсем үнімен,қалықтаған жыл құсы.
Отан деген мен үшін,желбіреген байрағым,
Отан деген мен үшін,мөлдір тұнық қайнарым.
Жалғыз жүрек жанымды,арнамасам өзге елге,
Қасиетті жеріме кіндігімді байладым.
Отан деген мен үшін,дінім,ділім дәстүрім,
Айтар болсам дәстүрді рухани ол басты ұғым.
Еркін жайған қанатын,ел болдық қой 20-жыл,
Ал қанеки қазағым,шашуыңды шаш бүгін.
Отан деген мен үшін,өшпес мәңгі жырларым,
Күміспенен қапталған,таулы тасты қырларым.
Отан деген мен үшін,топырағы ауылдың,
Отан деген мен үшін,Атамекен шыңдарым.
Отан деген мен үшін,ақсақалдар батасы,
Батасына бөленіп бақытты боп жатасың.
Отан деген мен үшін,ата-қоныс,ел жұртым,
Отан деген мен үшін Қазақстан картасы.
Отан деген мен мен үшін,аялаған мектебім,
Мектебімде біліммен сусындадым көктедім.
Ұстаздарым санама сіңіргені жалықпай,
Отан деген ол жалғыз қасиетті мекенім.





Пікір жазу