23.05.2022
216
Бұл өмірдің сынағынан жалықтым...
Бұл өмірдің сынағынан жалықтым,
Сүйгенім бар, бақытым жоқ ғаріппін.
Сенесің бе жатқандаймын ішінде,
Қасірет деген қара табыттың.
Бәрін айтта,бірін айт,ойдан кеткен,
Суды аңсаған басы шірік балықпын.
Сен менің өңімдесің, түсімдесің,
Түнгі шабыт жырларымның ішіндесің.
Екеуміздің арамызда әрқашан,
Қайғы жылап,қасірет күрсінбесін.