23.05.2022
  128


Автор: Ерлан Рымбек

Неткен дүние десеңізші тіршілік...

Неткен дүние десеңізші тіршілік,
Тіршіліктің көгінде тұр күн щығып.
Бал болдым-жастық шақтан-кәрілікке,
Айдап келеді уақыт деген бір шыбық.
Ақ жолдан абайсызда тайып кетіп,
Жүрмейікші өкініштен күрсініп.
Ес білгелі бір бақытқа жетеміз деп,
Шауып жүрміз жанталасып құлшынып.
Намазыңды қаза қылма бауырларым,
Қазағым-ай кетпес одан тіл сынып.
Өмірді жеңіл ойлап ақыретте,
Жүрмейікші қайғы отына тұншығып.
Есірткеге тәуелді жастарың бар,
Сақалын қадірлемес қарттарың бар.
Одан қалса немересіндей баламен,
Жүз грам құйып қой деп,-тартқаны бар.
Қалтасына ақша түссе сауналатып,
Қыл мойынға күнәсін артқаны бар.
Жігіттер жүр ойын сауық қуғаны,
Алланың емес,шараптың болды құлдары.
Одан қалса жан-ұясын ұмытып,
Сұлу көрсе бас айналып тұрғаны.
Қаржат түссе егер қалтасына,
Кім кепіл сол сұлумен жатпасына.
Кофелетіп,сауналатып имансыздар,
Жүр ғой бүгін жын сайтаннын ортасында.





Пікір жазу