23.05.2022
  114


Автор: Ерлан Рымбек

Күлімдеші қарашы

Тек өмірден түңілмеші жарығым,
Екеумізге махаббаттың бәрі мұң.
Айтшы Гүлім қалай ғана кетейін,
Саған деген пәк сезімнен арылып.
Қайырмасы:
Күлімдеші қарашы,
Қай жаққа жүзіп барасың.
Кемесіне келместің,
Мініуге әлі баласың.
Мына тағдыр тартқызды ғой азабын,
Сол азапқа төзе алмай жыр жазамын.
Құдіретті махаббаттың алдында,
Сен тазасың,менде жаным тазамын
Қайырмасы:
Күлімдеші қарашы,
Бағыңды әлі табарсың.
Бұл жалғанда Алланың
Мейіріміне қанарсың.
Дауасыз дертті уайымдап босқа не етерсің,
Сол дертіңді ұмытып әлі кетерсің.
Үмітіңді үзбеші тек өмірден,
Сонда мені бақытты жан етерсің
Қайырмасы:
Күлімдеші қарашы,
Ақылдысың дарасың.
Сен арқылы ұмыттым,
Жүрегімнің жарасын.
Санаулы күнім қалды деп Гүлім жылайсың,
Өзіңді өзің неге олай қинайсың?.
Бағың болып келсем егер алдыңа,
Жүрегіңді онда кімге сыйлайсың.
Қайырмасы:
Күлімдеші қарашы,
Бақытыңа балашы.
Жүректегі баянды,
Махаббатыма панасың





Пікір жазу