23.05.2022
  126


Автор: Ерлан Рымбек

Біз осы,-қандай күндер кешіп жүрміз...

Біз осы,-қандай күндер кешіп жүрміз,
Өзге елдің тілінде есіп жүрміз.
Ана тілім тоқалдан туғаныма,
Жат тілде сөйлеп неге бөсіп жүрміз
Ар-ұят ана тілден басталмай ма,
Отаным,елім дейтін жастар қайда?.
Өзге тілдің бір сөзін туған тілге,
қосып айтсаң ұлтыңды ластамай ма?.
Түсінбеймін жастарын қаладағы,
Уланып кеткеніме саналары.
Қазақ тілде сөйле деп басу айтсаң,
Өр көкірек мінезбен жан алады.
Ар намыс қайрап кейде жылатады,
Абыройды өлтіріп құлатады.
Өз тіліңнен аулақ болсаң керегі не,
Егеменді қазақ деген құр атағың,-
деп маған мұңын шағып алты алаштың,
Бес арыс аруақтары үн қатады.
Ел емес пек-Өнер алды тіл дейтін,
Ел емес пек-Қазақ деген өлмейтін.
Ана тілім ұлттың жаны деп білген,
Ел емес пек-Намысты қолдан бермейтін.
Ана тілім-ел тарихы деп білемін,
Тіл дегенде үзіледі ет жүрегім.
Мен ұлымын рухын еш бір сатпаған,
Қазақ қанды тектілердің.





Пікір жазу