23.05.2022
  111


Автор: Ерлан Рымбек

Махаббатта бақытты болмағанмын...

Махаббатта бақытты болмағанмын,
Бәлкім күнін кешіп жүрмін оңбағанның.
Үш бақытым бар еді жүрегімде,
Үшеуінен айырылып жолда қалдым.
Махаббаттың апатынан өлген жанмын,
Өзімді тірідей көмген жанмын.
Қанша ғұмыр сүрсемде бұл фәниде,
Қайғы сезім отына күйген жанмын.
Біреулерді аяп жүрсем бақытсыз деп,
Бақытсыздар кебін өзім киген жанмын.
Бақ құсын қондырдым деп жүргенде,
Олда артынан кетті ғой үйден бағым.
Әр бір жанның өмірін шырақ дейді-ау,
Ал мен болсам жанбай жатып,сөнген жанмын.
Тағдырыма сенім артып айта алмаймын,
Болмас сірә ешқашан сүйген жарым.
Үшеуіне зор бақыт тілеп жүрмін,
Сол болсыншы өмірде күлген бағым.
Тағдыр өзі көрсетер күндер туса,
Кімнен сорым,кімнен бағым?.





Пікір жазу