23.05.2022
123
Жақсылықпен ашайық...
Жақсылықпен ашайық,
Жаңа күннің қақпасын.
Дағдарыс деп қайран жұрт,
Жылап мұңын шақпасын.
Бірлікке халқым бұрайық,
Ынтымақтың ат басын.
Тыныштығын елімнің,
Тіл көздерден сақтасын.
Қариялар түспесін,
Күмістей шалған ақ шашың.
Тарихта қалған ерлердің,
Көтерейік тақтасын.
Ақыл айтар қарттарым,
Сақалын арын сатпасын.
Дауасыз дерт апаттар,
Есігіңді қақпасын.
Шайқалмасын қазағым,
Шаңырағың от басың,
Жаңа күнмен ашайық,
Жақсылықтың қақпасын!.