meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  23.05.2022
  183


Автор: Ерлан Рымбек

Қанеки, балам, көсіле...

Қанеки, балам, көсіле,
Жата қой менің төсіме.
Әлдилеп мейірленбесем,
Әке болдым несіне?
Сақтағын, балам, есіңе,
Тірлікте сенің несібең.
Мұндайда қамқор болмасам,
Әке болдым несіне?
Ілессең өмір көшіне,
Уақыттан көрме кешіге.
Осылай ақылшы болмасам,
Әке болдым несіне?
Сақтағын бәрін есіңе...





Пікір жазу