23.05.2022
  105


Автор: Ерлан Рымбек

Әйел заты – солмайтын көктем гүлі...

Әйел заты – солмайтын көктем гүлі,
Нәзіктігі – Алланың төккен нұры.
Сан ғасыр сұлулығын жырлау үшін,
Әр ақынның жүректен шерткен сыры.
Әйел заты – адамзаттың ғажабы,
Ақылына көрік берген ажары.
Соның ғана көңілінен шықсын де,
Тірлігіңнің тарқамайтын базары.
Әйел заты ақ сүтімен киелі,
Барлық мықты әйелге бас иеді.
Бірақ, сондай құдіреті болса да,
Барлық әйел тек мақтауды сүйеді.
Әйел заты – ақындардың жыр-әні,
Әйел заты – шаңырақтың шырағы.
Әйел заты – тіршіліктің анасы,
Әйел заты – көңілімнің тұмары.





Пікір жазу