23.05.2022
149
Алтын уақыт, бақытты шақ балалық...
Алтын уақыт, бақытты шақ балалық,
Балалықтың еске түспес бәрі анық.
Сол дәуірден аңқау мінез сіңіпті-ау,
Анашымның қаныменен таралып.
Балалыққа ешбір күндер жетпейді,
Сол бір шақта сана-сезім көктейді.
Мектептегі әрбір қызық сәттерім
Мәңгі есімнен, мәңгі есімнен кетпейді.