23.05.2022
189
Махаббатты көп жырлайсың деп сөгеді...
Махаббатты көп жырлайсың деп сөгеді,
Жақындарым қалжың сөзбен ескереді.
Біле білсең әр адамның тағдыры
Өмірде тек сезіммен өлшенеді.
Махаббатты сезе білген бақытты,
Сол сезіммен көрер мәңгі уақытты.
Сезімсіздер бақытсыз күйін кешіп,
Бір Алладан бақыт тілеп жатыпты.