23.05.2022
173
Керегі жоқ маған ешбір алтынның...
Керегі жоқ маған ешбір алтынның,
Алтыным бар – көңілі ол халқымның.
Туған күнім тойланбасын, тойланса -
Керегі жоқ сый етіп алтын тартудың.
Керегі жоқ маған ешбір күмістің,
Ол мен үшін бастауы емес ырыстың.
Алтыннан да, күмістен үй салсам да,
Орындалмай кетері хақ бір істің.
Керегі жоқ маған ешбір атақтың,
Атақ алып тойламаймын атап күн.
Алла барда атақ маған не керек,
Жүрегіме күнде бөлеп жататын.
Керегі жоқ маған ешбір байлықтың,
Қызықпаймын аз-көбіне айлықтың.
Қанша жұмыр жерді басып өтсем де,
Өмір емес, сынақ деген жайды ұқтым.