23.05.2022
149

Көңіліңіз көтерілсін деп тілеймін...
Көңіліңіз көтерілсін деп тілеймін,
Түсінеді шаршағанды ет-жүрегім.
Адамбыз ғой жұмыстан шаршаймыз да,
Ал өмірді нағыз бақыт деп білемін.
Шаршасаңыз, мен де бірге шаршағаным,
Сіз күлсеңіз райыңызға тамсанамын.
Қанша ғұмыр, қанша өмір сүрсем де,
Ашам сізге шындықтың жан сарайын.
Тым болмаса бір ауыз сөз жазыңызшы,
Сізге деген көңілімнің жазын ұқшы.
Қиын егер болмаса өтінемін,
Жүрегімнің мұң шалған назын құшы.