23.05.2022
116
Өтті, кетті біздің дүлдүл күндеріміз...
Өтті, кетті біздің дүлдүл күндеріміз,
Махаббат бақтарында жүргеніміз.
Тағдыр бізді ажыратып кеткенменен,
Достық сезім әлемінде біргеміз біз.
Енді қалған ғұмыр жолын гүл етерміз,
Толқысын бақыт болып күнде теңіз.
Қаншама жыл, қанша ғасыр өтсе-дағы,
Дос болып қаламыз ғой біз екеуміз.
Жалғыздықтың күнін кешіп жүрермін мен
Сендей жан табылса да жүрегімнен.
Қайтып сені келер деп үміттендім,
Үміттендім, қайтейін, келмесіңді білемін мен.