23.05.2022
  97


Автор: Ерлан Рымбек

Өмірді неге жеңіл түсінеміз?

Өмірді неге жеңіл түсінеміз?
Дұрыс жолдан тайғанда күрсінеміз.
Қолдан жасап алғандай пәк сезімді,
Өзімізден-өзіміз түршігеміз.
Пендеміз ғой, абайсызда сүрінеміз,
Кейде жылап өмірден түңілеміз.
Кез-келген сәтсіздікті таяз ойлап,
Мола жаққа несіне жүгіреміз?
Жайсыз түстер сан талай ұйқымды ашты,
Таң атса тірлікте сиқым қашты.
Білмедім шарасыз нетсем екен,
Осынау жалғыздық дейтін шақты..





Пікір жазу