23.05.2022
119
Қызда
Көлден іздедім –
Көре алмадым,
Оттай жанып бір
Сөне алмадым.
Сендерге жалғыз жүрегімді
Бөлемін дедім, бөле алмадым.
Келемін дедім –
Келе алмадым,
Қол ұшымды мен
Бере алмадым.
Сендерге әлем
Раушан гүлдерін
Теремін дедім,
Тере алмадым.
Көнемін дедім -
Көне алмадым,
Өлемін дедім –
Өле алмадым.
Сендерге ғашық
Махаббат жырын
Өремін дедім,
Өре алмадым.
Бәрі де, бәрі
Бекер дедім,
Арманға биік
Жетер ме едім?
Сендерге, қыздар,
Айым, күнім деп
Жігіт болған соң
Еркеледім.