23.05.2022
  118


Автор: Ерлан Рымбек

Ана сыйлай білмеген

Ана сыйлай білмеген
Енесін барып тілдейді,
Әке қадірін білмеген
Атасын залым, сұм дейді.
Сезімсіз әйел ерінің
Көзіне шөп сап күндейді,
Қонақ келсе үйіне
Жанары жаз боп күлмейді.
Темекінің түтінін
Шаттанып тұрып үрлейді,
Тәрбиесі баланың
Не боларын білмейді.
Харам жасап өзіне,
Хақ жолымен жүрмейді.
Бір Алланың алдында
Сонда өзін кім дейді?..
Әйел заты мені тілдеп сөкпесін,
Болып жатыр мұндай жағдай, көпке шын.
Болған жайды баяндаудың несі мін,
Айту парыз өмірдің де өкпесін.
Баланың тағдыры ертең не болар?
Бірақ, көзден жасын бұлап төкпесін.
Дегенім ғой жазықсыз сәбилердің
Әкесіз көңілі оның шөкпесін.





Пікір жазу