23.05.2022
  108


Автор: Ерлан Рымбек

Дүниеге келіп не көрдім...

Дүниеге келіп не көрдім,
Еліме жырмен не өрдім?
Мынау дархан еліме,
Айтыңдаршы, не бөлдім?
Жасырамын несіне,
Жаттым жерге көсіле.
Қараймын көз жүгіртіп
Аққан өмір көшіне.
Өмір, саған ғашықпын,
Көңілімді тасыттың.
Тау-қияны аралап,
Өмір, саған асықтым.
Өмір – менің көктемім,
Жалындаған от демім.
Сондығымнан өлеңмен
Келешекке беттедім.
Өмір желі жыр етті
Желпіп самал жүректі,
Шуағымен нұрланып
Жаныма пәк гүл екті.
Ақ арманым жайқалып
Тұрмын сенен жай тауып,
Өткен ата-бабамды
Келгендейсің қайта алып.





Пікір жазу