meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  23.05.2022
  151


Автор: Ерлан Рымбек

Қуат алдым суын ішіп бұлағыңнан...

Қуат алдым суын ішіп бұлағыңнан,
Денем қызып кеткендей шуағыңнан.
Шабыт берген - әндері бұлбұлдардың,
Кетер емес үндері құлағымнан.
Жүрек шіркін кетер ме екен жарылып
Арнасында бұлақ жатса ағылып?
Аққу-қаздар қиқулап әнге салса
Кетпес едім бұл өмірден тарылып.





Пікір жазу